Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиаданың жартылай финалына шықты
Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық хоккейшілер жартылай финалға жолдама алды. 

Қазақстан құрамасы топтық кезеңінің жетінші ойынында Ұлыбритания командасынан 22:13 есебімен басым түсті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Енді, ертең отандастарымыз латвиялықтармен ойнайды. Финалға шығу үшін тағы бір кездесуде Австрия мен Дания күш сынасады. 

Естеріңізге сала кетейік, отандастарымыз алтыншы кездесуінде Испания құрамасын 14:4 есебімен жеңген болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық хоккейшілер Олимпиаданың алғашқы ойынында Польшаны 18:8 (3:2, 5:4, 10:2) есебімен қапы қалдырғанын жазған едік. Ал  Тайбэйден келген қарсыластарын 14:2 есебімен жеңді.

Алайда, жарыстың екінші күні Австриядан 8:9 есебімен ұтылса, Латвиядан 11:15 есебімен жеңіліп қалды. Олимпиаданың үшінші күні Дания құрамасына қарсы кездесуде қарсыластарына 8:6 есебімен жол берген еді.