Сенат Төрағасы: Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді

Сенат Төрағасы: Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді
Сурет: Qazaqstan.tv

Біздің қоғамның құрылымы түбегейлі өзгермек

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Өткен 30 жылдың ішінде Қазақстан көптеген салада зор табыстарға қол жеткізді. Мемлекеттілігімізді құру мен нығайту үшін өте көп дүние жасалды. Бүгінде осы жылдардың ішінде Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасты деп толықтай сеніммен айта аламыз», - деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.

Оның айтуынша, мемлекеттік басқару жүйесінде, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда да байыпты өзгерістер болады.

«Өзінің тұрақтылығы мен тиімділігін көрсеткен сыртқы және ішкі саясат моделі қалыптасты. Бұған қоса, қоғамның өзінде де сапалы трансформация орын алды. Реформалар парадигмалы әлеуметтік өзгерістерге сеп болды. Қазақстан қоғамының құрылымы түбегейлі өзгерді», - деді Мәулен Әшімбаев.