Өзекті мәселелер бойынша пікір білдіру депутаттың міндеті - Мәжіліс төрағасы

Өзекті мәселелер бойынша пікір білдіру депутаттың міндеті - Мәжіліс төрағасы
Сурет: Egemen.kz

Ашықтық ұстанымы Мәжіліс жұмысындағы негізгі басымдық болып қала береді - Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы осы бағыттан таймайтындарын жеткізді. Оның айтуынша, қоғам алдында ашық болып, журналистер қойған маңызды сұрақтарға жауап беру депутаттарға міндеттеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгінгі жалпы отырыстың өзі республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіліп отыр. Президент те бұл тәжірибенің тиімділігі туралы баса айтқанын білесіздер. Мәжіліске ашық әрі жария түрде қызмет етуге барлық жағдай жасалған. Журналистерге сұхбат беріп, өзекті мәселелер бойынша пікір білдіріп отыру — депутаттардың басты міндеттерінің бірі», - деді ол.