Өзбекстан түрмелерінде 20 қазақстандық жазасын өтеп жатыр

Өзбекстан түрмелерінде 20 қазақстандық жазасын өтеп жатыр
Сурет: Aikyn.kz

Қазақстан 34 шет мемлекетпен сотталғандарды беру туралы 72 шарт жасаған. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлады.

Барлығы 72 шарттың ішінде 29 – қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы, 21 – ұстап беру туралы, 22 – сотталғандарды беру туралы келісім бар.

Бұл бағытта Қазақстан АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Үндістан, БАӘ, ТМД және басқа да елдермен серіктес.

«Біздің еліміз Солтүстік және Оңтүстік Американың 26 елін қамтитын үш америкааралық конвенциялардың (ұстап беру туралы, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы, шетелде қылмыстық жазасын өтеу туралы) толыққанды қатысушысы болып табылады. Қазіргі уақытта Франция және Өзбекстанмен екі шарт ҚР Парламенті Сенатында ратификациялаудан өтуде. Өзбекстанмен сотталған адамдарды беру туралы шарт оларға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өз Отанында одан әрі өтеуге мүмкіндік береді. Қазір қазақстандық колонияларда Өзбекстанның 500-ге жуық азаматы жазасын өтеп жатыр, ал Өзбекстанда біздің 20 азамат жазасын өтеуде», - делінген прокуратура хабарламасында.