Өңдеу өнеркәсібі Алматы экономикасының өсу драйверіне айналды

Өңдеу өнеркәсібі Алматы экономикасының өсу драйверіне айналды
Сурет: Egemen.kz

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсімі - 6,7%.

Өсу драйвері өңдеу өнеркәсібі болды, оның көлемі (1487 млрд теңге) 13%-ға ұлғайып, Қазақстандағы ең жоғары өсімді көрсетті. Бұл туралы Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бұған Алатау ауданы да елеулі үлес қосты. 2022 жылы Алматы Индустриялық аймағының дамуының арқасында Алатау ауданында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 30%-ға өсіп, 527 млрд. теңгені немесе жалпы көлемнің 35%-ға жетті», - деді қала әкімі.

Индустриялық аймақтың аумағында өткен жылы 500-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылып, 10,3 млрд теңгеге 6 кәсіпорын және 3 шағын өнеркәсіп паркі ашылды.