Мемлекет басшысы Алматыға келеді

Мемлекет басшысы Алматыға келеді
Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  24-25 қаңтарда Алматыға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уали өзінің әлеуметтік  парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады", - деп жазылған хабарламада.

Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді.