Алматыда жер сілкінісі нәтижесінде 8 адам зардап шекті

Алматыда жер сілкінісі нәтижесінде 8 адам зардап шекті
Almaty-akshamy.kz

Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісі нәтижесінде сағат 03:00-те 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қ. денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген. 

Тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр.

Үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі.