Қызылша ауруы асқынып тұр

Қызылша ауруы асқынып тұр
Сурет: Baq.kz

Қызылша бәсеңдемей тұр.

Денсаулық сақтау министрлігі елде қызылшаға күдікті 199 жағдай тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Оның 124 жағдайы расталды. Басым бөлігі Алматы қаласында 78 жағдай, Түркістан облысында-15, Астанада 7 жағдай. Науқастардың 90%-і 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандардың сөзінше, вирусқа шалдыққандар бұған дейін қызылшаға қарсы екпе алмаған.

«Жыл басынан қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын байқаймыз. Бұл жағдай тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде де тараған. Ол COVID пандемиясы кезінде, айталық, бірқатар себептерге байланысты балаларды вакцинациямен қамтымағандықтан пайда болды», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағанбетова.

«Ең маңызды себептердің бірі - вакцинациядан бас тарту. Корьға қарсы вакцина ол тірі вакцина болып табылады және ол вакцинаны енгізген кезде адамда тұрақты иммунитет қалыптасады. Егер біздің халық , ересек адамдар осы вакцинацияға дұрыс қарамайтын болса , бас тартатын болса, осындай жағдайға алып келеді», - деді №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Динат Қожекенов.