Қырғызстан президенті 2026 жылы сайлауға түспек

Қырғызстан президенті 2026 жылы сайлауға түспек
Сурет: 1news.az

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2026 жылы екінші мерзімге сайлауға түсуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Біздің еліміз үшін стратегиялық маңызы бар ұзақ мерзімді Халықаралық жобалар іске қосылатынын және жоспарланатынын ескере отырып, Садыр Жапаровтың екінші мерзімге сайлауға қатысуы саясаттағы дәйекті қадам болады", - деп жазды Алагөзов.

Садыр Жапаров 2021 жылдың 10 қаңтарында Қырғызстан президенті болып сайланды.

Қырғызстан Конституциясына сәйкес Мемлекет басшысы 5 жылдан екі мерзімге сайлануға құқылы.