Халық әртісі Роза Рымбаева немерелі болды

Халық әртісі Роза Рымбаева немерелі болды
сурет:exk.kz

Әншіні әлеуметтік желіде әріптестері құттықтап жатыр.

Өнер иесін әріптестері Мақпал Жүнісова және Ерлан Көкеев желіде құттықтап, халыққа сүйінші жаңалықты мәлім етті, деп жазады Аlmaty-akshamy.kz

«Роза Қуанышқызы, қуанышыңыз құтты болсын! Әже болуыңызбен, бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын», - деп жазды Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында.

Ерлан Көкеев те «Құттықтаймыз! Роза Рымбаева ұл немерелі болды», - деп жазды.

Айта кетейік, алайда бұл жаңалықты Роза Рымбаева да, ұлы Әли мен келіні Ақерке де әлеуметтік желіде бөліспеген.