Қазақстандықтар 2030 жылға дейін қалдықтарды шығару қызметімен 100% қамтылады

Қазақстандықтар 2030 жылға дейін қалдықтарды шығару қызметімен 100% қамтылады
Сурет: Caspianlife.kz

Ал қалдықтарды қайта өңдеуді 40% дейін жеткізуіміз керек. Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы Ерлан Нысанбаев осылай деді.

Бұл жұмыстар жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес атқарылып жатқанын жеткізді. Жиында қатты тұрмыстық қалдық полигондарының мәселесі де көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ел бойынша үш мыңнан аса полигон болса, оның 80 пайызға жуығы экологиялық және санитариялық нормаларға сай емес. Сондықтан алда осы мәселені шешу керектігі айтылды.

«Әкімдіктермен және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп шағын және шалғайдағы елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдық полигондарын ресімдеу тетіктерінің пысықталып жатқандығын атап өткен жөн. Атап айтсақ, осы орындарға қойылатын міндетті ең төменгі экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс саласындағы талаптар талқылануда», -  деп хабарлайды ҚР экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы Ерлан Нысанбаев.