Жібек жылды жеңіспен бастады

Жібек жылды жеңіспен бастады Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Турнирдің 1/8 финалында Құламбаеваның жұбы италиялық теннисшілер Анжелика Морателли мен Камилла Розателло жұбын 7:6, 6:2 есебімен жеңді.


Қазақстандық жас теннисші Жібек Құламбаева оңтүстіккореялық Пак Сохёнмен жұп құрып, Мумбаи қаласындағы теннис турнирінде өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Айта кету керек. Морателли/Розателло жұбы аталған турнирдің басты фавориттері саналған. 


Енді Құламбаева мен Пак Сохён ширек финалға дайындалып жатыр. Олар Кудерметова/Ламенс – Грамматикопулу/Семянистая жұптарының жеңімпазымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет