Қай жастағы жасөспірім үшін әлеуметтік желілер аса қауіпті?

Қай жастағы жасөспірім үшін әлеуметтік желілер аса қауіпті?
Сурет: интернеттен

Кембридж  және Оксфорд университеттерінің психологтары, неврологтары мен басқа да мамандары 10-21 жас аралығындағы 17  мыңнан астам  (бала, жасөспірім  және жас) адамдың  дерегін негізге ала отырып, талдау жасаған.

Бұл ғалымдарды Nature Communications журналында жарияланған мақаладағы жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалану деңгейі мен өз өміріне қанағаттану дәрежесі арасындағы тікелей байланыс қызықтырған.

Зерттеу нәтижесінде, мамандар жасөспірімдердің әлеуметтік желілердің жағымсыз аспектілеріне әсіресе сезімтал болатын  жасын анықтады. Осы кезеңдерде жасөспірім әлеуметтік желіде көбірек уақытын өткізсе, бір жылдан кейін оның өз өміріне көңілі толмайтын болады. Ал, керісінше, бала осы жасында әлеуметтік желіні  неғұрлым азырақ пайдаланса, оның өз өміріне деген бір жылдан кейінгі көзқарасы дұрыс болады.

Ғалымдар қыздар үшін бұл қауіпті кезең 11 жастан 13 жасқа дейін, ал ұлдар үшін 14 жастан 15 жасқа дейін деген тұжырымға келді. Мамандар бұл айырмашылық әр түрлі жыныс өкілдерінің ми құрылымдарының дамуымен, сондай-ақ ұлдардың қыздарға қарағанда жыныстық жағынан кеш жетілуімен байланысты болуы мүмкін деп болжайды.

Зерттеушілер бұған қоса әлеуметтік желілерді пайдаланудың тағы бір қауіпті кезеңін анықтады, бұл қыздарға да, ұлдарға да бірдей – 19 жас. Бұл кезеңдегі жастың өмірінде болатын – өз бетінше өмір сүре бастау, студенттік шақ немесе жұмыс істеу сияқты өзгерістерге байланысты әлеуметтік желілерге әсіресе сезімтал болады екен.