2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны кім тапсыруы керек?

2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны кім тапсыруы керек?
Сурет: ашық дереккөз

Үшінші кезең шеңберінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға тиіс.

Бұл талап әрекетсіз және қызметін тоқтатқан тұлғаларға да қолданылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 жылы филиалдар мен өкілдіктердің басшыларында декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды (АК 43-бабының 3-тармағы). Сондай-ақ, 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке практикамен айналысатын адамдар ұсынбайды.