Қазақстандық жасөспірім теннисші Азия рейтингінде көш бастап келеді

Қазақстандық жасөспірім теннисші Азия рейтингінде көш бастап келеді
Сурет: Massaget.kz

Азия теннис федерациясы (ATF) мен Tennis Europe 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингін жария етті.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Еуропа рейтингінде 14 жасқа дейінгілер арасында Ярослав Пшеничный 64-орынға жайғасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Михаил Мищенко 114-інші, Роберт Каминский 139-сатыда тұр.

Қыздар арасында Ева Корышева 59-орынға көтерілді. Томирис Нұржан - 173, Еркежан Жаңатаева 183-сатыда келеді.

Азия рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Кәрім Темірлан бұрынғыша көш бастауда.

Қыздардан бес қазақстандық ТОП-10-ға кірді. Сафина Сафиулина - 2, Ариана Гогулина - 4, Даная Аманғажиева - 7, Полина Слепцова - 8 және Еркежан Жаңатаева 9-орында.