Қазақстанда құмар ойындар бойынша көрсетілетін қызмет көлемі артқан

Қазақстанда құмар ойындар бойынша көрсетілетін қызмет көлемі артқан
Сурет: Otyrar.kz

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемі 456,2 млрд теңгені құрады.

Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 есеге көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Cектордағы қызметтердің ең көп көлемі орта кәсіпорындарға тиесілі  (276,4 млрд теңге). Одан кейінгі орындарда шағын (163,1 млрд теңге) және ірі кәсіпорындар (16,7 млрд теңге) орналасты. Жеке кәсіпкерлер 9,9 млн теңгенің қызметін көрсетті.

Осы тұста 2021 жылы қызметтердің ең үлкен көлемі шағын компанияларға (38,1 млрд теңге), одан кейін ірі (9,9 млрд теңге) және орта кәсіпорындарға (тек 5,8 млрд теңге) тиесілі болғанын айта кету керек.

Меншік нысаны бойынша жеке компаниялар сектордағы қызметтердің жалпы көлемінде 293,3 млрд теңгені қамтамасыз етті. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 17 есеге көп.

Қызметтердің айтарлықтай көлемі 162,9 млрд теңге шетелдік компанияларға тиесілі.  Бұл 2021 жылға қарағанда 4,5 есе артық.