Қала әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездеседі

Қала әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездеседі
almaty-akshamy.kz

2023 жылдың 19 қаңтарында сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуі "Ботакөз" шағынауданы, 2 мекенжайындағы №209 жалпы білім беретін мектепте өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Алатау әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады:
1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS 
2. https://www.facebook.com/alatau.audan

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.