Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді
Cурет: Ақорда

Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.