Алматыда карантин талаптарын бұзғандар 225 млн теңге айыппұл төледі

Алматыда карантин талаптарын бұзғандар 225 млн теңге айыппұл төледі
newtimes.kz

Жыл басынан бері 5 мыңнан астам алматылық тұрғын карантин талаптарын бұзғаны үшін 225 миллион теңге айыппұл төлеген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Олар қоғамдық көлікте, саябақтарда, алаңдарда және басқа да қоғамдық орындарда бетперде кимеген. Мұнымен қоса қаладағы кәсіпкерлік нысандары да карантин талаптарын елемейді.

Мониторингтік топ ортақ талапты бұзған 165 мекемені анықтаған. Олар - негізінен бильярд, караоке клубтары, мейрамханалар мен дәмханалар.

Аталған нысандарда жұмыс уақыты сақталмаған, сондай-ақ келушілер саны шектен асқан.

Жалпы, жыл басынан бері заңды тұлғаларға қатысты 600-ге жуық хаттама толтырылып, 65 мекеме жұмысын тоқтатты.