Желтоқсанда екі бекет жабылады

Желтоқсанда екі бекет жабылады
qaz.ulysmedia.kz

«Қапланбек» және «Зангиота» автомобиль өткізу пункттері жөндеуге жабылады

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, «Нұр Жолы» арқылы екі бекеттің арасында күніне 2,5 мың көлік пен 15 мың адам қатынайды. Іске қосылған төрт жыл ішінде ел қазынасына 223 356 млн теңгеден астам түсім салық түскен. Бақытжан Слямовтың айтуынша, «Қорғас» бекетімен салыстырғанда, көлік ағыны 1,6 есе өсіп, одан түскен пайда 546,6 пайыз артқанын көрсетеді.

«Келер айдан бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Қапланбек» және «Зангиота» автомобиль өткізу пункттері жөндеуге жабылады. Бұл ретте көлік пен жеке тұлғалардың қозғалысына шектеулер енгізілетін болады. Қазіргі таңда шекарадағы тоғыз автомобиль және бір теміржол өткізу пункті жөндеуден өткізу жоспарланып отыр», – деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов.