Германияның солтүстігінде диверсия салдарынан пойыздар тоқтап қалды

Германияның солтүстігінде диверсия салдарынан пойыздар тоқтап қалды
Сурет: dw.com/ru

Ақау жойылды

Deutsche Bahn теміржол операторының мәліметінше, «байланыс инфрақұрылымына қарсы бағытталған саботаж актісі» 8 қазан күні таңертең Германияның солтүстігі мен солтүстік-батысында пойыздар қозғалысының тоқтауына әкелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Euronews мәліметінше, диверсия салдарынан Берлиннің негізгі теміржол вокзалындағы пойыздар, атап айтқанда, ел астанасы мен Кельн арасындағы қозғалыс тоқтап қалды. Барлық жүрдек және аймақтық пойыздар, сондай-ақ жүк тасымалы шамамен 3 сағатқа тоқтады.
Deutsche Bahn концернінің өкілі мұның себебі радиобайланыс жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін кабельдермен байланысты диверсия екенін айтты, онсыз пойыздардың қозғалысы мүмкін емес. Хабарланғандай, ақау жойылды.