Қазақстан батутшылары әлем кубогі кезеңінде екі «алтынды» жеңіп алды

Қазақстан батутшылары әлем кубогі кезеңінде екі «алтынды» жеңіп алды
Сурет: Ашық дереккөз

Синхронды секіру 

Әзірбайжан астанасы Бакуде батуттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жекелей сында қазақстандық Данил Мұсабаев табысты өнер көрсетті.

Қарағандылық гимнаст 59.240 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар жұптық сайыста Данил командаласы Пирмаммад Алиевпен бірге синхронды секіруде топ жарды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңінде 2 алтын медальға қол жеткізді.