Украина мен Ресей бейнебайланыс арқылы төртінші келіссөз өткізді

Украина мен Ресей бейнебайланыс арқылы төртінші келіссөз өткізді
Cурет: Baq.kz

Ресей мен Украина делегациялары бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, төртінші келіссөз өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Интерфакстың мәліметінше, бұл ақпаратты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растаған.

«Владимир Мединский бастаған делегация Украина өкілдерімен видео байланыс арқылы келіссөз жүргізіп жатыр. Әзірге жағдайға егжей-тегжейлі түсінік бере алмаймыз», – деді Дмитрий Песков.

Дмитрий Песков мұны бұған дейін өткен Ресей мен Украина делегациясы арасындағы келіссөздердің жалғасы екенін айтты.