Каспийде жоғалған қыздар табылды

Каспийде жоғалған қыздар табылды
Сурет: Bugin.kz

Ақтауда үрмелі матраспен теңіз ортасына ағып кеткен үш қыз бір түннен кейін табылды.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгін таңғы сағат 6 шамасында «Қазтеңізкөлікфлоты» ЖШС «Сұңқар» кемесінің экипажы теңіз жағалауынан 22 шақырым қашықтықта 3 қызды құтқарды», - делінген баспасөз мәліметінде.

Қыздардың денсаулық жағдайы тұрақты, оларға медициналық көмек көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Каспий теңізінде үрмелі матрасқа мінген үш қыздың тікұшақпен  іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.