Каспий теңізінде жоғалып кеткен үш қыз іздестірілуде

Каспий теңізінде жоғалып кеткен үш қыз іздестірілуде
Сурет: Golos-naroda.kz

Олар  Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде үрлемелі матрацпен ашық теңізге түскен.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eloorda.info-ға сілтеме жасап. 

«Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде ТЖД, ҰҚК ШҚ, ПД күштерімен үрлемелі матраста ашық теңізге кеткен үш қызды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды. Іздеу жұмыстарының нәтижелері қосымша хабарланады»,- деп жазылған хабарламада.