Медеуде «Shymbulak Medeu Camp» балалар тау лагері ашылды

Медеуде «Shymbulak Medeu Camp» балалар тау лагері ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

«Shymbulak Medeu Camp» балалар тау лагері жұмысын бастады. Лагерь балаларға Алматының керемет тауларында ұмытылмас оқиғаларды бастан кешіруге мүмкіндік береді.

- Жобаның мақсаты балаларда табиғатқа деген сүйіспеншілік мен құрметті тәрбиелеу, оларға ашық ауада болу үшін қажетті дағдыларды үйрету, сондай-ақ командада жұмыс істеу, көшбасшылық, құрмет және жауапкершілік сияқты қасиеттерді дамыту болып табылады. Біз әр баланың түрлі бағдарламалар мен белсенділіктерді ұсына отырып, физикалық, интеллектуалдық және моральдық әлеуетін дамытуға ұмтыламыз, дейді жоба жетекшілері.

Лагерьде жасөспірім скауттар тұратын 11 жайлы үй, 2 әкімшілік үй, балаларға арналған асхана және отбасылық мейрамхана бар. Сонымен сабақ оқуға және уақытты қызықты өткізу үшін арнайы жабдықталған алаңдар да бар.

Лагерь бағдарламасы аясында жаяу сапарлар, командалық ойындар, зоология институтының, альпинизм федерациясының, ұлттық парктердің және басқа да ұйымдардың қатысуымен білім беру дәрістері ұсынылады. Балалар жабайы табиғатта, ұлттық мәдениетті үйреніп, өздерінің көркемдік қабілеттерін дамытатын болады.

Лагерь табиғат әлеміне жолсерік болып, адамдар үшін негізгі және маңызды білім алып, қоршаған ортаға дұрыс көзқарас қалыптастыруы үшін есіктерін ашып, «Leave no trace» философиясын ұстанаып, табиғатты сақтау қағидаларын сақтай отырып, әркімді осы әлемнің бір бөлігі болуға шақырады.-

- Біз сіздермен «Табиғат және Адам» департаменті жүзеге асыратын екі әлеуметтік жоба туралы бөліскіміз келеді. «Shymbulak Outdoor Meetings» жобасы табиғи аймақтардағы демалыс қауіпсіздігін дамытуға, туризм саласындағы адамдардың кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ жаяу туризмді, альпинизмді және табиғи ортадағы басқа да спорт түрлерін дамытуға бағытталған, - дейді жоба жетекшілері.

Сондай-ақ, "MOUNTAIN OPEN SOUL" жобасы қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға ашық және балалар мен ересектерді тау мәдениетіне баулуға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының арасында бейімделген дене шынықтыруды дамытуға бағытталған. Ал «Рульсіз күн» атты жобада - Алматы қаласының басты экологиялық мәселесін шешуге қала тұрғындарын тарту және эко-белсенділікті қолдау жөніндегі бастама ұсынылған.

Табиғат жанашырлары  әр жексенбіде автокөліксіз, қоғамдық көлікке мініп, табиғатты қорғауға  шақырады.