Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 9 айда 22,5% өскен

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 9 айда 22,5% өскен
Сурет: Ашық дереккөзі

Қазақстанның 1100-ден астам кәсіпорны өз өнімдерін Қытайға экспорттауға құқылы

Қазақстан мен Қытайдың тауар айналымы 2022 жылдың тоғыз айында 22,5%-ға өсіп, 23,2 млрд долларға жетті. Бұл туралы жұма күні екіжақты қатынастарға арналған брифинг барысында ҚХР-дағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ш. Нұрышев осы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында тауар айналымы 22,5%-ға артып, 23,2 млрд долларды құрағанын атап өтті.

ҚХР-дағы ҚР Елшісінің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық белсенді кезеңде тұр.

«Агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің сауда көлемі сенімді түрде өсуде. Қазақстанның 1100-ден астам кәсіпорны өз өнімдерін Қытайға экспорттауға құқылы», - деді ол.

2015 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 20 түрін Қытай нарығына шығыру үшін фитосанитариялық талаптар бойынша хаттамаларға қол қойылды.

2022 жылғы 3 қаңтарда ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.