KASE: доллар бағамы 495 теңгеге жетті

KASE: доллар бағамы 495 теңгеге жетті
Сурет: Akchabar.kg

Доллар мен еуро сатыла бастады.

Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсіп, 495 теңгеге жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан астанасы мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктері доллар мен еуро сатуды қайта бастады. 

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, қазір ақша айырбастау пункттері АҚШ валютасын орта есеппен 492-ден сатып алып, 499 теңгеден саудалауда.

Еске сала кетсек, 28 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы сауда сағат 15:00-ге шегерілген еді. Ол Франкфурт аукционы жүйесі бойынша жұмыс істейді, бұл биржалық алыпсатарлық мүмкіндігін барынша азайтады.