Травматология мен ортопедиядағы инновациялар

Травматология мен ортопедиядағы инновациялар
Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі

Астана медицина университетінде «Травматология мен ортопедиядағы инновациялар» атты халықаралық  ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады

Бүгінгі таңда еліміздегі травматология және ортопедия саласы ғылыми зерттеулердің кең спектрін жүзеге асыруда, жаңа медициналық технологиялар белсенді түрде әзірленуде және енгізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Конференция травматология және ортопедия саласындағы отандық және шетелдік мамандарды, сондай-ақ сабақтас мамандықтардың кең спектрін біріктірді. Іс-шара барысында тірек-қимыл аппаратының зақымдануы мен ауруларын диагностикалау және емдеу, сондай-ақ медициналық мекемелердің практикасына инновацияларды енгізу мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Бағдарламада Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Үндістан, БАӘ және Өзбекстан сарапшыларының күрделі операцияларын талдайтын мастер-кластары жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзінің құттықтау сөзінде Мемлекет басшысы саясатының арқасында отандық денсаулық сақтау саласы өз дамуында серпіліс жасай алғанын, бұл қазақстандықтардың өмір сүру сапасына оң әсер еткенін атап өтті.

«Елімізде экономикалық әл-ауқаттың өсуімен тікелей байланысты денсаулық сақтау саласының жоспарлы дамуы байқалады. Жоғары технологияларды, әлемдік жетістіктерді жоспарлы пайдалануды жеделдету, дәрігерлік кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, тірек-қимыл аппаратының зақымдануы мен аурулары кезінде диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын белсенді енгізу маңызды», - деп атап өтті министр өз сөзінде.

Конференция медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, ғылымға қосқан зор үлесі үшін Әл-Фараби күміс медалінің лауреаты Әлібек Жанпейісұлы Әбдірахмановтың 80 жылдығына орайластырылған.

Конференция шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният профессор Әбдірахмановқа  академик Н. Ж. Батпенов атағын  травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының құрметті профессоры атағын табыс етті.