Күн 28 градусқа дейін жылынып, өзен суы көтеріледі - Қазгидромет

Күн 28 градусқа дейін жылынып, өзен суы көтеріледі - Қазгидромет Cурет: Ашық дереккөз

Елдің бірнеше өңірінде қардың қарқынды еруі, және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі


Қазгидрометтің 2-8 сәуірге арналған болжамы бойынша, еліміздің батысында, орталығында және шығысында ауа температурасы плюс 23 градусқа дейін жылынады. Ал солтүстігінде күндіз ауа температурасы плюс 18°С-қа, оңтүстік өңірлерде 28 градусқа көтеріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2-8 сәуіріндегі апталық синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, батыстан шығысқа қарай кезекті Атлантикалық циклон ығыса бастайды. Ол негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне және алдымен батыс пен солтүстікте, кезеңнің ортасынан ҚР қалған аумағында желдің күшеюіне себепші болады.


Қазгидлромет мәліметіне қарағанда, циклонның артынан Батыс антициклоны ауысады. Ол өзімен бірге қысқа мерзімге ауа температурасының төмендеуіне алып келеді. Осыған байланысты Қазақстанның жазық аумақтарында, атап айтқанда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен оңтүстік-батыс бөлігінде қардың қарқынды еруі, және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12