Каспий құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдау жұмысы қайта жанданды

Каспий құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдау жұмысы қайта жанданды
Сурет: Ашық дереккөз

Ауа райы жағдайының жақсаруы мұнайды ауыстырып тиеуді қалпына келтіруге мүмкіндік берді

Каспий құбыр консорциумы Қара теңіз терминалынан мұнай жөнелту жұмысының қайта жанданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«22 ақпаннан бастап теңіз терминалы арқылы мұнай тасымалдау жұмыстары қалпына келтірілді. Ауа райы жағдайының жақсаруы мұнайды ауыстырып тиеуді қалпына келтіруге мүмкіндік берді», - делінген компания таратқан хабарламада.

Еске салсақ, 19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (күшті дауыл, үлкен толқынға) байланысты Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалымен мұнай жөнелту тоқтатылған еді.

Аталған құбыр желісінің жұмысының тоқтап қалуына байланысты ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов пікір білдірді.

Жалпы айта кетсек, Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортқа жөнелтіледі.