Қаңтарда азық-түлік бағасы 1,1%-ға қымбаттаған

Қаңтарда азық-түлік бағасы 1,1%-ға қымбаттаған
Сурет: ашық дерекөз

2024 жылдың қаңтарында тұтыну бағасының айлық индексі 0,8%-ды құрады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Көрсеткіш өткен аймен бірдей. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,1%-ға, ақылы қызметтер – 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%-ға артқан. Жылдық есеппен алғанда, қаңтарда инфляция 9,5% болды, – деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Сонымен не қымбаттады?

Қызанақ – 18,5% өссе, қияр – 14,9% қымбаттаған.

Ал тәтті бұрыш – 2,1%,  сарымсақ – 7,4%,  банан – 6,7%,  жұмыртқа – 5% бағасы көтерілген 

Дегенмен күнбағыс майы – 1,7% бағасы төмендеген. Сонымен қатар, қант – 1,4%,  пияз – 1,3%,  сәбіз – 1,1%-ға арзандатып.

Ал ақылы қызмет түрлері, заң қызметі, автокөлікті сақтандыру бағасы 7%-ға көтерілген. Жолаушыларға арналған теміржол көлігі қызметі – 6,8%-ға, балабақша – 2,6%-ға, денсаулық сақтау – 1,6%-ға өсті.

Қаңтарда дәрі-дәрмек бағасы 2%-ға артқан.