Димаш Құдайберген Ыстанбұлда жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген Ыстанбұлда жеке концертін өткізеді
Сурет: ашық дерекөз

Биыл 24 мамырда әлемге танымал Димаш Құдайберген 30 жасқа толады.

Осының құрметіне әнші Ыстанбұлдың Бешикташ стадионында жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Бұл туралы мерекелік іс-шаралар ұйымдастырумен айналысатын BWO компаниясы әлеуметтік желіде жариялады.

«Әлемнің ең бірегей дауысы Бешикташ стадионында! Билеттер 9 ақпанда сатыла бастайды. Бұл Димаш Құдайбергеннің 30 жасқа толуына арналған концерт», - деп жазды BWO компаниясы Instagram желісінде.

Айта кетейік, Бешикташ стадионы 1947 жылы Ыстанбұлдың еуропалық бөлігінде, Босфор бұғазының жағалауы маңында ашылған. Қазіргі уақытта стадион аумағына 42 мыңға жуық көрермен сыяды.