Қазақстандық мамандар бірқатар есірткі трафигі арналарының жойылғанын айтты

Қазақстандық мамандар бірқатар есірткі трафигі арналарының жойылғанын айтты
Сурет: Gov.kz

59 қатысушы ұсталған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз айналымнан 282 келі есірткінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2022 жылғы шілде мен қазан аралығында есірткіге қарсы, оның ішінде ресейлік, өзбекстандық және қырғызстандық әріптестестермен бірлескен 36 операция өткізілді. Есірткі трафигінің 11 халықаралық және 14 аумақтық арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндірумен айналысатын 4 жасырын лабораторияның іс-әрекеті бейтараптандырылды. Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымдарының 59 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 282 келі есірткі, оның ішінде 32 келі героин, 11 келі апиын, 60 келі синтетикалық есірткілер, 156 келі марихуана, 22 келі гашиш алынды. Сонымен қатар айналымнан 861 «экстази» таблеткасы және психотроптық заттарды әзірлеуге арналған 3 тоннадан аса химиялық реагенттер шығарылды», - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы тұру бойынша іс-шаралар жалғасуда.