Алматы және Жетісу облыстары ресми құрылды

Алматы және Жетісу облыстары ресми құрылды
Cурет: Ашық дереккөз

Мәслихат екіге бөлінді

Бүгін Талдықорған қаласында Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс 20-шы сессиясы өтті. Бұл басқосуда екі облыстың мәслихаты бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Жаңа ғана мәслихаттың кезектен тыс 20 шы сессиясы аяқталды. Мәслихат екіге бөлінді. Жетісу облысына 19 депутат, Алматы облысына 26 депутат бекітілді. Дәл осы сессия аяқталғаннан кейін Жетісу облыстық мәслихатының алғашқы сессиясы өтіп, хатшысы сайланды. 

Сондай ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары құрылды. Депутаттар бүгін шынымен де ел тарихындағы ерекше күн екенін атап өтіп жылы лебіздерін білдірді. 

Жетісу облысының әкімшілік құрамында 8 аудан және 2 қала қалды. Жаңа облыстағы 19 депутат осы аудандардың өкілдері. Ал, облыстың басшысы кім болатыны алдағы уақытта белгілі болмақ.