Қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша 1396 адам сотталды

Қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша 1396 адам сотталды
almaty-akshamy.kz

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы үшін 1396 адам сотталған.

Бас прокуратура тергеу әлі де жүріп жатқанын хабарлады.

"Қаңтар оқиғасын тергеп-тексеру жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Сондықтан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талабына сай, ақпарат жарияланбайды. Осы оқиғаларға қатысы бар-жоғы туралы жеткілікті дәлелдер алынған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бүгінге дейін 1396 адам сотталды", - ҚР Бас прокуратурасы хабарламасында.

Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және оны ұйымдастырғаны үшін 574 адам, оның 12-сі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғаны үшін сотталды.

Сонымен қатар прокуратура қайғылы оқиғалар аясында 2960 қару ұрланғанын, оның 1 мыңнан астамы табылғанын, қалған қару-жарақ әлі іздестіріліп жатқанын хабарлады.