Бір күнде қоғамдық көліктерде 200 құқық бұзушылық анықталды

Бір күнде қоғамдық көліктерде 200 құқық бұзушылық анықталды
polisia.kz

Заң мен құқықтық тәртіпті, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға мүлдеу төзбеуді қамтамасыз ету мәселесі ІІМ-нің жіті назарында.  Жыл басынан бері ішкі істер органдарымен 140 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сонымен қатар қоғамдық көліктегі бұзушылықтардың жиіленуіне байланысты министрлікпен ел аумағында “Тасымалдаушы” рейдтік профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Шараның негізгі мақсаты – жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

– Осы мақсатта полиция көліктік кәсіпорындардың басшыларымен кеңестер өткізді, онда автобустарды бейнебақылау камераларымен, 102 каналына шығатын дабыл нүктелерімен жабдықтау мәселелері көтерілді. Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларымен 5 700-дей автобус жабдықталған, оның 900-інде бейнені онлайн-қарау мүмкіндігі бар, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Профилактикалық іс-шараның бірінші күні қоғамдық көліктерде жасалған 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:

– мүлікті қасақана жою және бүлдіру;

– спирттік ішімдіктерді ішу және мас күйінде жүру;

– белгіленбеген орындарда темекі шегу; – ұсақ бұзақылық;

– ортақ пайдалану орындарын ластау және басқалары бар.

Қоғамдық көліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Осыған байланысты полиция азаматтардан қандай да бір құқық бұзушылықтың куәгері болған жағдайда дереу 102-ге хабарлауды сұрайды.