Кәсіпорындарды индустриялық аймаққа және агломерация аумақтарына көшіру қарастырылады

Кәсіпорындарды индустриялық аймаққа және агломерация аумақтарына көшіру қарастырылады
Сурет: Egemen.kz

Алматы қаласы Мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті.

Отырыс барысында депутаттар қала басшылығына сұрақтарын қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дастан Джантелиевтың сұрағы:
- Тұрғындарды толғандыратын мәселелердің бірі ретінде қаламыздың ішінде орналасқан ірі өнеркәсіпкердің орналасуын қаланың сыртына шығару соған байланысты өзіңіз білетіндей Түрксіб, Жетісу аудандарында темір-бетон, сондай ақ басқа да кәсіпорындар санитарлық нормалар сақтамай тұрғын үйлерге жақын орналасқан соған байланысты қаламыздың бас жоспарында қандай жұмыстарды жүргізу жоспарлануда?

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің жауабы:
- Бұл сұрақ  біздің аса бақылауымызда оны шешу мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Биыл «Солтүстік» полицентрінің мастер-жобасы әзірленеді. Оның ішінде индустриялық аймаққа көшіруі қарастырылған.

Биыл 1-ші қаңтарда агломерацияны дамыту туралы Заңы шықты, заңға сәйкес агломерация кеңесі құрылып жатыр. Кеңес кәсіпорындарды индустриялық аймаққа және агломерациясының аумақтарына көшуі қарастыратын болады.