Геннадий Головкин "Жылдың үздік жекпе-жегі" номинациясына ұсынылды

Геннадий Головкин "Жылдың үздік жекпе-жегі" номинациясына ұсынылды
сурет:vlast.kz

«Жылдың үздік жекпе-жегі» номинанттарының қатарына Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі енді. 

 Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жылдың үздік жекпе-жегіне үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды  Аlmaty-akshamy.kz Sports.kz сілтеме жасап.

Бұл тізімге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі де енді. Онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен «Канело» жеңіске жеткен еді. 

Сондай-ақ, тізімде Джермелл Чарло - Брайан Кастаньо, Хуан Франсиско Эстрада - Роман Гонсалес, Эррол Спенс - Йорденис Угас, Себастьян Фундора - Эрик Любин, Кенширо Тераджи - Хирото Киогучи арасындағы жекпе-жектер де бар.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) – WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.