Ертең жаһандық сенбілік өтеді

Ертең жаһандық сенбілік өтеді
Сурет: Qazaqstan.tv

TURAQTY JOL экологиялық науқаны Алматы жастарын біріктіруде.

17 маусымда сағат 10:00-де Маяк (әуежай көлдері) шағын ауданында TURAQTY JOL (Тұрақты жол) ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясында жаһандық сенбілік өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жүздеген бей-жай қарамайтын жастар өкілдерін жұмылдыратын іс-шара жас ұрпақтың бойында экомәдениетті дамыту арқылы туған өлкені таза ету және қоршаған ортаға пайда әкелуді мақсат етеді.

Жаһандық сенбілік – белсенді жастарды табиғатты қорғауға өз үлестерін қоса алатын эконауқанды іске асырудағы маңызды кезең болып табылады. Бұл өз кезегінде жоба маңыздылығын және оның қоршаған ортаға тигізетін пайдасын көрсетеді. Ұйымдастырушылар алқасы Алматы қаласының барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарын осы игі бастамаға қосылуға және табиғатты қорғау мен орнықты даму үшін жаһандық қозғалыстың белсенді қатысушысы болуға шақырады.

"TURAQTY JOL" жобасы экологиялық таза орта құруға және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға бағытталған ынтымақтастықты қалыптастыруға, саналы тұтынуға негізделеді. Науқан нәтижесінде жиналған қоқыс қайта өңдеу үшін қазақстандық компанияларға жіберілетін болады.

Жаһандық сенбілікті Алматы қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп, Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігі және Алматы қаласы бойынша Экология департаменті, сондай-ақ "EDUStream" білім беру орталығы, SBE company (Smart Business Events) Ивент-агенттігі және "Керемет Су СКЕ" компаниясының қолдауымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы  ұйымдастыруда. Жобаның бас серіктесі – Банк ЦентрКредит.

Қазақстанның таза, жасыл және тұрақты дамуы үшін атсалысайық!

Науқан өтетін орын: Авиатор көшесі, 1

https://2gis.kz/almaty/geo/9430047375124273

Қосымша ақпарат және БАҚ аккредиттеу үшін келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады:Шинар Муханова, +7 701 555 5302 (WhatsApp), sg.kazfuca@gmail.com