Елімізде НАТО орталығы ашылғаны рас па?

Елімізде  НАТО орталығы ашылғаны рас па?
Сурет: интернеттен

Кейбір пабликтерде "НАТО орталығының" ашылғаны туралы ақпарат тарады.

Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Алматыда АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің қатысуымен ҚР қорғаныс министрлігі бітімгершілік операциялар орталығының жаңа конференц-залының ресми ашылуы өтті. Орталық 2006 жылдан бері Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгершілік қызметтегі құрамдас бөлігі ретінде жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты – бітімгершілік операцияларды БҰҰ стандарттарына сәйкес дайындау", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.