Димаш халық әртісі атағы үшін алғыс айтты

Димаш  халық әртісі атағы үшін алғыс айтты
Сурет: Аqorda_resmi

Әншінің құрметті атаққа ие болғанын бұдан бұрын хабарлағанбыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Димаш пен бірқатар өнер қайраткеріне осы құрметті атақты берген болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде Қазақстанның халық әртісі атағы берілгені үшін алғысын білдірді.

"Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан биік емеспін", – деп ризашылығын білдірген Димаш ҚазКСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың сөзін келтірді.

Димаш 24 жыл бұрын үйдегі мерекелердің бірінде түсірілген видеоны жариялады. Кадрда ол бес жасында синтезаторда ойнап отырады да, содан кейін оны әзілдеп "халық әртісі" деп атайды.