Ел аумағында қанша жер асты су қоры бар?

Ел аумағында қанша жер асты су қоры бар? Сурет: 7-su.kz

2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артады.


ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстан аумағында қанша текше шақырым жерасты су қоры бар екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Ел ішінде 17 мыңнан астам өзен, 4 мың көл және жалпы ауданы 1 млн шаршы шақырым, көлемі 187 текше шақырым болатын 2,6 мың мұздық бар. Болжамды қоры 58 текше шақырым болатын 4,3 мыңнан астам жерасты суының орындары бар. Соның ішінде 15,7 текше шақырымы пайдалануға жарамды деп бекітілген», - деді министр Мәжілісте өтіп жатқан парламенттік тыңдауда.



Оның айтуынша, су шаруашылығы кешенінің инфрақұрылымы дамып келеді.



«Шамамен 6 мың су шаруашылық обьектісі көлемі 1 млн текше мектерден асатын 300-ден астам су қоймасы бар. Көпжылдық орташа өзен ресурстары жылына 102,3 текше шақырым болады. Оның 54,5 текшешақырымы - ішкі ағын болса, 47,8 текше шақырымы - Орталық Азиядан, Ресейде және Қытайдан келеді. Қазақстан трансшекаралық ағымдарға тәуелді. Әсіресе, өмір сүру жағдайы сумен қамтылуға тікелей тәуелді оңтүстік және батыс өңірлердің тәуелділігі жоғары», - деді ведомство басшысы.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22