Ердоған Республика күнімен құттықтады

Ердоған Республика күнімен құттықтады
Сурет: интернеттен

Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаев пен бауырлас Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

«Тіл, тарих және мәдениет сияқты ортақ құндылықтарымызға негізделген қарым-қатынасымыз стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келеді. Екі елдің ынтымақтастығы жаңа салалармен толыға түскені қуантады. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесінде Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстар одан әрі нығая беретініне сенімдімін. Сізбен Астана қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде кездесетініме қуаныштымын», – делінген жеделхатта.