Алматы әкімі ертең Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездеседі

Алматы әкімі ертең Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездеседі
Сурет: Ашық дереккөзі

Алматы әкімі Ерболат Досаев ертең Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездеседі,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесу 27 қазан сағат 9.00-де Ілтипат көшесі, 60 мекенжайдағы №208 жалпы білім беретін мектептің ғимаратында өтеді.
https://2gis.kz/almaty/geo/70000001064391277

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Наурызбай әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады:
1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS 

2. https://www.facebook.com/akimat.nauryzbai

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.