«Әділетті Қазақстан – Жастардың тандауы»

«Әділетті Қазақстан – Жастардың тандауы»
Сурет: Egemen.kz

Елімізде осындай атаумен акция басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің қолдауымен елдегі коррупцияға қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында жастарды жұмылдыруға бағытталған «Әділетті Қазақстан – Жастардың тандауы» атты акцияның басталғанын хабарлады

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша тегін кеңес алуға болатын  арнайы 1463 колл центрі қосылды, сонымен қатар жастардан хабарламаларды қабылдап, өзекті жаңалықтарды жеткізетін ұйымның әлеуметтік желідегі парақшалары ашылды. 

«Акция аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылып, өз кезегінде ол студент жастарды акцияға жұмылдырып, ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.