Еңбек министрлігінің өкілдері елде қандай мамандар тапшы екенін айтты

Еңбек министрлігінің өкілдері елде қандай мамандар тапшы екенін айтты
Сурет: Sms-magic.com

Тәрбиешілер мен жүргізушілерге сұраныс байқалды.

Қазақстандық мамандар қараша айында еңбек нарығында болған өзгерістерді қорытындылады. Олардың айтуынша, қараша айында жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де өз белсенділігін төмендетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Биылғы жылдың қараша айында Электрондық еңбек биржасында 91,2 мың бос жұмыс орны және 49,9 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда еңбек нарығы жұмыс берушілердің де (-16,4%), сондай-ақ ізденушілердің де (-16,5%) белсенділігінің төмендеуімен ерекшеленді», - делінген Еңбекмині баспасө қызметінің хабарламасында

ЭЕБ-да ең көп бос жұмыс орындарын мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру (17,2 мың), өзге де қызмет түрлері (7,3 мың), құрылыс (6 мың) және ауыл шаруашылығы (4,3 мың бос жұмыс орны) секторларының кәсіпорындары орналастырды.

«Әртүрлі жұмыс істейтіндер және жәрдемші жұмысшылар мен көгалдандыру жұмысшылары сияқты біліктілігі жоқ жұмысшылардан басқа, білікті күзетшілерге, тәрбиешілер мен жүргізушілерге ең үлкен сұраныс байқалды. Ішінара сұраныс пен ұсыныс сәйкес келді. Атап айтқанда, білікті жұмысшылардың ішінде автокөлік жүргізушілері, бухгалтерлер, заңгерлер мен тәрбиешілер жұмыс іздеді», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.

Сонымен қатар, қараша айында білікті заңгерлер, қаржыгерлер және орта мектеп мұғалімдері, сондай-ақ біліктілігі жоқ жұмысшылар, мысалы, вахтерлер еңбек нарығында артық болған.