Алматыда сот орындаушысы соққыға жығылды

Алматыда сот орындаушысы соққыға жығылды
Сурет: Zakon.kz

Сот орындаушысы қызметін атқару барысында соққыға жығылған

Заңсыз нысанды сүру кезінде от орындаушысы соққыға жығылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚазАқпарат агенттігінің ақпаратына сүйенсек, осы оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілер арқылы тараған.

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының хабарлауынша, сот орындаушы Бостандық аудандық сотының шешіміне сәйкес, Виноградная 3/1 мекенжайына заңсыз нысанды сүру мәселесімен барған.

«Шара қолдану 4 қазан түскі сағат 11.00-ге жоспарланған болатын. Сот орындаушы аумаққа полиция қызметкерлерімен кірді. Полиция қызметкерлерінің жанында белгісіз біреулер сот орындаушысына қысым жасай бастады. Олар сот орындаушысына өз міндетін орындауға тыйым салып, қорқытуға тырысып, кейін соққыға жықты», - деп хабарлады республикалық жеке сот орындаушылар палатасынан.

Сот орындаушысы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазды. Қалалық полиция департаменті тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлім етті.

«Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл фактіні тіркеді, сот орындаушысы үйдің иесіне арыз жазды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның негізінде процессуалдық шешім қабылданады», - деп атап өтті ПД баспасөз қызметі.