Алматы облысында бірнеше үйдің ауласын су басты

Алматы облысында бірнеше үйдің ауласын су басты
Сурет: Inbusiness.kz

Комиссия ұйымдастырылып, шығындар есептелуде.

Қатты жауынның салдарынан Алматы облысының Кеген ауданындағы Түменбай ауылында бірнеше үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«23 маусым күні сағат 17-40-да шамасында Кеген ауданы, Түменбай ауылында нөсер жаңбыр салдарынан ауыл іші көшелерін таудан аққан су басты. Тау суы 1 тұрғын үй кірген және 11 үйдің ауласын басқан. Оқиға орнына аудан әкімі, Кеген ауылдық округінің әкімі, төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің қызметкерлері барды. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға бірнеше техника жұмылдырылды. Адамдар зардап шекпеген», - делінген Кеген ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір комиссия ұйымдастырылып, тұрғын үйлер мен аулаларға келген шығындар есептелуде.