Алматыда қанша отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады?

Алматыда қанша отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады? almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға қандай жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі? Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының отбасылық әл-ауқат бөлімінің бас маманы Жанар Сейфуллина айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Спикердің айтуынша, еліміздің әлеуметтік-экономикалық бағыттағы саясаты - тұрмысы төмен, мүгедектігі бар азаматтарды, сонымен қатар көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған.



«Алматы қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға, оның ішінде көп балалы және толық емес отбасыларға ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына (бұдан әрі – заң) сәйкес, егер отбасының бір мүшесінің табысы күн көріс деңгейінен 70%-дан төмен болса, атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2022 жылдың 1 тоқсанына күнкөріс деңгейінің көлемі 40 925 теңгені, күнкөріс деңгейінің 70% – 28 648 теңгені құрайды»,- деді Жанар Сейфуллина.



Оның айтуынша, АӘК 2 түрге жіктеледі: шартсыз және шартты ақшалай көмек.



«Шартсыз ақшалай көмектің құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасылар немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатыса алмайтын отбасылар алады. Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті азаматтары бар отбасыларға көрсетіледі. Әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық жұмыссыз еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысуы міндетті шарт болып табылады», - деді спикер.



Ол атап өткендей, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу үшін «e-gov» порталы арқылы немесе азаматтарға қолайлы болу үшін басқарманың аудандық бөлімдерінде орналастырылған (мекенжайлары www.usb.almaty.kz сайтында) Орталық мамандарына белгіленген үлгідегі өтініш пен жеке төлқұжат ұсыну қажет.


Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша 3 513 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады, оның ішінде 1 533 - көп балалы отбасылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24